» » Далаға шықпауға кеңес береміз: Төтенше жағдай министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Далаға шықпауға кеңес береміз: Төтенше жағдай министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Еліміздің бірқатар өңірлерінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық болады.


"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус аптап ыстық болады. Алматы қаласында 30 маусым күні күндіз 33-35 градус қатты ыстық күтіледі. Шымкент қаласында 30 маусым-2 шілде аралығында 40 градусқа дейін көтеріледі. Түркістан қаласында 30 маусым-2 шілде аралығында 40-42 градусқа көтеріледі. 30 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз 35-39 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қаласында күндіз 30 маусымда найзағай, бұршақ, 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, желдің екпіні секундына18 метр болуы ықтимал.
30 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метр болуы ықтимал. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
30 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.
30 маусымда күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-38 градус ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт каупі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз 1-2 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Жезқазған қаласында күндіз 30 маусым-2 шілдеде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысында күндіз 30 маусым-1 шілде аралығында кей жерлерде 40 градус қатты ыстық, өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында күндіз 30 маусымда 35 градус ыстық, 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градусқа жетеді, өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз 29-30 маусымда, 1 шілдеде Алматы облысында кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, өрт қаупі сақталады.
30 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 30 маусымда күндіз 41-43 градус қатты ыстық сақталады.
 Жамбыл облысында күндіз 30 маусым таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. 
30 маусым күні күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық, өрт қаупі күтіледі. Тараз қаласында 30 маусым күні күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына15-20 метрге жетуі мүмкін. Көкшетау қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек; аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тарту қажет; күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу керек; күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балалар ерекше назарда болуы тиіс.
30 маусым 2021 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031