» » Қазақстанда 69 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Қазақстанда 69 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

2024 жылғы қарашада Қазақстан синоптиктері ауа райына қатысты бірнеше рекордты тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қарашаның бірінші онкүндігінде Қазақстанның шығыс бөлігінде оң температуралық фон байқалды, бірнеше рекорд жаңарды: 3 қарашада Балқаш метеостанциясында температура +15,9 градусқа жетіп, 1955 жылғы рекордты (+15,8 градус) жаңартты. Павлодар метеостанциясында температура +15,6 градусқа дейін көтерілді. Бұрынғы рекорд 1988 жылы тіркелген, сол кезде ауа температурасы +13,7 градус болған.
Қарашаның екінші онкүндігінің басында антициклон Қазақстанның басым бөлігін қамтыды, нәтижесінде түнгі ауа температурасы -11-19 градусқа, оңтүстікте -5-10 градусқа дейін төмендеді.
"Орталық және шығыс аймақтардың кей жерлерінде термометр бағандары -23-29 градусқа дейін төмендеді. 13 қарашада Қарағанды облысындағы Ақтоғай метеостанциясында ауа температурасы -26,2 градусқа жетіп, 2018 жылғы рекордты жаңартты, ол кезде температура -25,1 градус болған", – деді синоптиктер.

Ай бойы белсенді атмосфералық фронттары бар циклондар республика аумағында жауын-шашынды және желді ауа райын қалыптастырды. Мұнда да рекордтар тіркелді.
"Ақтөбе облысында 1 қарашада айлық жауын-шашын нормасы – 16 миллиметр түсті, айлық норма – 18 миллиметр. 5 қарашада Ойыл метеостанциясында – 15 миллиметр, ал айлық норма – 22 миллиметр. 11 қарашада Күршім метеостанциясында 30 миллиметр жауын-шашын түскен, айлық нормасы 28 миллиметр болады", – деп хабарлады метеорологтар.
Астанада қарашадағы орташа температура -3,5 градус болып, нормадан 1,7 градусқа жоғары болды. Ең төменгі температура 30 қарашада -14,8 градус болып тіркелсе, 3 қарашада ең жоғары температура +13,6 градусқа жетті. Ай бойы 38 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл айлық норманың 131 пайызына тең (норма – 29 миллиметр).
Қазақстандықтарды өткен айда жел де таңғалдырды. Мысалы, Ақмола облысында 3 қарашада желдің екпіні секундына 30 метрге жетсе, 6 қарашада Жамбыл облысында 31 метрге жетті.
"7 қарашада бірнеше аймақта қатты жел тіркелді: Қарағанды облысында секундына 30-34 метр, Павлодар облысында 30-31 метр, ал Жетісу облысында 36 метрге дейін жетті. 24 қарашада Жамбыл облысында жел екпіні секундына 36 метрге дейін жетті", – деп мәлімдеді синоптиктер.
23 желтоқсан 2024 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031