Жапония парламенті Осаканы резервтік астана ету туралы заң жобасын мақұлдады
Жапония парламенті төтенше жағдай кезінде Токионың резервтік баламасы болатын «екінші астана» құру туралы заң жобасын қабылдады. Құжат Осака қаласын ірі әкімшілік орталыққа айналдырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруды көздейді, деп хабаралайды Egemen.kz
Kyodo агенттігінің хабарлауынша, заң жобасы билеуші коалицияның бастамасымен қабылданды. Алайда оппозиция құжаттың Жапонияның Инновациялар партиясының мүддесіне сай әзірленгенін айтып, сынға алды. Сонымен қатар олар жергілікті сайлау мен референдумды бір күнде өткізуге тыйым салуды ұсынғанымен, бұл бастама қолдау таппады.
Осака губернаторы Хирофуми Ёсимура келесі көктемде мегаполис мәртебесіне қатысты үшінші референдумды губернатор сайлауымен қатар өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұған дейін 2015 және 2020 жылдары өткен екі референдумда бұл бастама қолдау таппаған еді.
Сондай-ақ Парламенттің Жоғарғы палатасы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум туралы заңға түзетулерді қабылдады. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, премьер-министр префектуралардың халық саны мен экономикалық әлеуетіне қарай резервтік капитал бөле алады. Заң парламенттің 25 шілдеде аяқталған сессиясынан кейін күшіне енді.

















