» » Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды

Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды

Фото: istockphoto.com
Франция парламенті 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заңды алдымен Сенат, кейін Ұлттық жиналыс мақұлдады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 15 жасқа толмаған жасөспірімдер әлеуметтік желілерде жаңа парақша аша алмайды. Ал бұрыннан тіркелген аккаунттар төрт айлық өтпелі кезең аяқталғаннан кейін бұғатталады.

Бұл бастама Франция президенті Эммануэль Макронның сайлауалды уәделерінің бірі болған. Макрон бұл бастаманы балалар мен жасөспірімдерді интернеттегі қауіптен қорғауға бағытталған маңызды қадам деп бағалады.
Renaissance партиясының депутаты Лор Миллер ұсынған заң жобасында әлеуметтік желілер пайдаланушылардың жасын қалай тексеретіні нақты көрсетілмеген. Бұл мәселені әр платформа өз бетінше шешеді.

Дегенмен Францияның Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар министрлігі сәуір айынан бері мемлекеттік органдарды, әлеуметтік желі өкілдерін және жасын растау жүйелерін әзірлеушілерді біріктіретін арнайы жұмыс тобын іске қосқан.
Егер заң күшіне енсе, Франция Еуропада 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін заң жүзінде шектеген алғашқы елдердің бірі болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Франция парламенті бірнеше айға созылған қызу пікірталастардан кейін эвтаназияға, яғни медициналық жолмен өмірден өз еркімен кетуге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Француз қоғамында дау-дамай тудырған бұл бастама да Эммануэль Макронның сайлауалды уәделерінің бірі болған еді. 
22 шілде 2026 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930