Мәслихаттар сайлауы
» » Илон Маск: Жасанды интеллект 5 жылдан кейін бүкіл адамзаттың ақыл-ойынан асып түседі

Илон Маск: Жасанды интеллект 5 жылдан кейін бүкіл адамзаттың ақыл-ойынан асып түседі


Бес жылдан кейін жасанды интеллект бүкіл адамзаттың ақыл-ойынан асып түсуі мүмкін. Бұл туралы әлемдегі ең бай адам Илон Маск The Economist басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, жасанды интеллект бір жағынан алаңдаушылық тудырса, екінші жағынан таңданысқа бөлейді. Соған қарамастан, ол болашаққа оптимистік көзқараспен қарайтынын айтты.
Масктың пікірінше, шамамен 2036 жылға қарай роботтар мен жасанды интеллект жүйелері физикалық және зияткерлік еңбектің басым бөлігін атқара алатын деңгейге жетеді. Мұндай жағдайда еңбек ету адамдар үшін қажеттілік емес, ерікті таңдау болмақ.

Сондай-ақ ол технологиялардың мұндай қарқынмен дамуы «бұрын-соңды болмаған молшылыққа» жеткізіп, ақшаның қазіргі маңызы біртіндеп төмендейді деген болжам айтты.
Миллиардердің пікірінше, мемлекеттерге азаматтарды қаржылай төлемдермен қамтамасыз ету жеткілікті болады. Себебі тауарлар мен қызметтерді машиналардың өндіру мүмкіндігі іс жүзінде шексіз деңгейге жетіп, инфляциядан гөрі дефляция қаупі жоғары болуы ықтимал.
24 шілде 2026 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30