Құрылтай
» » Тегеранда ауқымды қоштасу шеруі өтті

Тегеранда ауқымды қоштасу шеруі өтті

Фото: Reuters
Бүгін Тегеран қаласында Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мен оның қаза тапқан отбасы мүшелерін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұған дейін қоштасу рәсімі бірнеше күн бойы Мұсалла кешенінде өткен болатын. Ал бүгін ел астанасы Иранның түкпір-түкпірінен келген адамдарға лық толды. Миллиондаған адам Тегеранның Энғелаб (Төңкеріс) алаңынан бастап Азади (Бостандық) алаңына дейін жүріп өтті. Осылайша Иран халқы бұл шеруді әлемге ұлттық бірлік пен төзімділіктің көрінісі ретінде көрсетті.

Ауа райының ыстық болуына байланысты шеру кезінде халыққа су бүркіп, салқындауына жағдай жасалды. Сондай-ақ, шеруге шыққан жұртқа сусындар мен тағамдар таратылды. Сонымен қатар шеруге шыққандардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында сақтық шаралары да күшейтілді. Қала көшелеріне полициялар, арнайы және ерікті жасақтар қойылды.

Бүгін кеште Тегерандағы шеру толық аяқталып, көшелер ашылып, қала қайтадан қозғалысқа келе бастады. Ертеңнен бастап қоштасу рәсімі Құм, одан ары Мешхед қалаларында жалғасады. Ал марқұмның денесі Мешхедтегі Имам Риза кесенесі аумағында жерленеді.
Айта кетейік, Тегерандағы бүгінгі іс-шара соңғы жылдардағы ең ауқымды аза тұту шерулерінің бірі болды.
06 шілде 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 936

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031