» » Әлемдегі ең қауіпті әуежай

Әлемдегі ең қауіпті әуежай

Фото: Getty
Әлемдегі ең қауіпті әуежай ретінде танылған Непалдың Лукла қаласында орналасқан Тенцинг-Хиллари әуежайының ұшу-қону жолағының ұзындығы небәрі 527 метрді, ал ені 20 метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салыстырмалы түрде айтсақ, көптеген халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағының ұзындығы 3 мың метрден асады. Лукла әуежайының тағы бір ерекшелігі – ұшу-қону жолағының 12 пайыздық еңісі. Бұл ұшақтардың қону кезінде жылдамдығын азайтуға көмектеседі. Дегенмен мұнда қателікке орын жоқ. Ұшақ тым ұзап кетсе, тау беткейіне соғылады, ал қонуға ерте төмендесе, терең жартастан құлап кету қаупі бар.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әуежай ашылғаннан бері мұнда 7 ірі апат тіркеліп, 56 адам қаза тапқан. Қауіпті жағдай тек қысқа ұшу жолағымен шектелмейді. Биік таулы аймақта ауа тығыздығының төмен болуы ұшақ қозғалтқыштарының жұмысына әсер етеді. Соның салдарынан ұшақтардың көтерілуі мен тежелуі күрделене түседі.
Сонымен қатар Гималай өңіріндегі ауа райы құбылмалы келеді. Аспан ашық болып тұрып бірнеше минуттың ішінде қалың тұман түсіп немесе қар жауып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ұшақтар кері бұрылып, Непал астанасы Катмандуға қайтуға мәжбүр болады. Мамандардың айтуынша, муссон маусымында жоспарланған рейстердің шамамен жартысы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегеріледі немесе тоқтатылады. Соған қарамастан туристік маусым кезінде әуежайда күніне 50-ге дейін рейс орындалады. Мұндай бағытта тәжірибесіз ұшқыштардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.
Непалдың авиациялық талаптарына сәйкес, Луклаға ұшатын ұшқыштардың кемінде бір жылдық жергілікті тәжірибесі болуы керек. Сонымен қатар олар 100-ден астам қысқа қашықтықтағы ұшу мен қонуды орындап, нұсқаушымен бірге 10 сәтті жаттығу рейсінен өтуге міндетті.  
Жанасыл ЗАЙТИМХАН,
ЕҰУ студенті   
09 маусым 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930