» » Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін

Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін


Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:46-да болған. Эпицентрі Окинава префектурасындағы негізгі арал жағалауында, шамамен 50 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінің күші жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 7 балл деп бағаланды. Мұндай дүмпу кезінде адамдардың аяқта тік тұруы қиындап, заттар мен бекітілмеген жиһаздар құлауы мүмкін.
Мамандар алдағы бір апта ішінде, әсіресе жақын 2-3 күнде қайталама дүмпулер болуы ықтимал екенін ескертті.
Жергілікті билік пен полицияның мәліметінше, зардап шеккендер мен айтарлықтай қираулар тіркелмеген. Цунами қаупі жарияланған жоқ.
21 мамыр 2026 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 270
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30