» » Өзбекстанда жер сілкінісі болды

Өзбекстанда жер сілкінісі болды

8 тамыз күні сағат 08:58-де (жергілікті уақытпен) немесе  Гринвич бойынша 03:58-де Өзбекстан Республикасының аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Сейсмологиялық болжау мониторингі республикалық орталығына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік бойынша 40,55 градус; шығыс бойлық бойынша 72,26 градус.
Магнитудасы — 4,2. Тереңдігі — 15 км.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 268 км қашықтықта, Андижан облысының Мархамат ауданында орналасқан.
Дүмпулер бірнеше өңірде сезілді:
  • Андижан облысында — 3 балл, 29 км қашықтықта
  • Ферғана облысында — 2–3 балл, 45 км қашықтықта
  • Наманган облысында — 2 балл, 72 км қашықтықта
Ал бұған дейін, 5 тамызда, күші 2 балл болатын жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігіндегі 20 елді мекенде сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 км қашықтықта орналасқан еді.
10 тамыз 2025 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930