» » Италияда әрбір оныншы тұрғынның өмір сүру жағдайы төмен

Италияда әрбір оныншы тұрғынның өмір сүру жағдайы төмен

Италияда әрбір оныншы тұрғынның өмір сүру жағдайы төмен
Бес миллионға жуық итальяндық кедейліктің зардабын тартып келеді.
Статистика институтының қорытындысы бойынша, Италияда әрбір оныншы тұрғынның өмір сүру жағдайы төмен. Тағы бір жарым миллионға жуық отбасы күндерін әзер көріп отыр. Олардың басым бөлігі 35 жасқа дейінгілер. Көбіне мұндай жағдай Калабрия, Кампания, Сицилия қалалары сынды елдің оңтүстігінде байқалады. Италияның бұл бөлігі соңғы парламенттік сайлауда дауыстарын популистік партияға берген еді. Себебі «Бес жұлдыз» қозғалысының көшбасшысы Луиджи Ди Майо жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы уәде еткен еді. Бүгінде Ди Майо даму, еңбек және әлеуметтік саясат министрі лауазымына жайғасқан. Және берген уәдесін орындауға дайын. Дегенмен оны жүзеге асыру үшін қаражат табу керек. Себебі 17 миллиард еуроның мемлекеттік қазынада болуы екіталай. Жалпы, кепілдендірілген негізгі кірісті тек жаңа мамандықты меңгеріп, жұмысына қайта кіріскен итальяндықтар ала алады. Ол 800 еуро көлемінде болмақ.
Даниеле, Рим қаласының тұрғыны:
- «Бес жұлдыз» қозғалысы мен «Лига» партиясынан күтеріміз көп. Олар уәде еткендерінің 2-3 тармағын орындаса, бұның өзі жеткілікті. Негізі бұлардың барлығы әлі нақты қадамдар емес. 
Джулия, Рим қаласының тұрғыны:
- «Бес жұлдыз» бүгінгі күнге дейін берген уәделерін орындап келеді. Олардың билікке келгеніне көп болмады. Сол үшін кішкене уақыт берейік.
05 шілде 2018 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 133

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930