» » Иран Таяу Шығыстағы Microsoft, Apple, Google және Meta нысандарына шабуыл жасамақ

Иран Таяу Шығыстағы Microsoft, Apple, Google және Meta нысандарына шабуыл жасамақ

фото: pixaboy
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Таяу Шығыста орналасқан америкалық ірі IT және жасанды интеллект компанияларының нысандарына соққы жасауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  
Ислам революциясы сақшылары корпусының мәлімдемесінде АҚШ-тың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін компаниялары түрлі шабуылдарды жоспарлау мен нысаналарды анықтауға қатысады деп көрсетілген. Осыған байланысты Иран тарапы оларды «жауап соққысының заңды нысанасы» ретінде қарастыратынын ескертті.
Tasnim агенттігінің мәліметінше, ықтимал нысандар қатарында Microsoft, Apple, Google, Meta сияқты алпауыттармен бірге Cisco, HP, Intel, Oracle, Nvidia, Tesla және Boeing компаниялары да аталған. Бұл компаниялардың Таяу Шығыстағы кеңселері мен инфрақұрылымдары қауіп аймағында болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Ислам революциясы сақшылары корпусы өңірдегі осы компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлерге қауіпсіздік мақсатында жұмыс орындарын уақытша босатуды ұсынды.
Айта кетейік, бүгін Иран Дубай маңында мұнай танкеріне шабуыл жасаған еді. Осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп егер Иран Ормұз бұғазын ашпаса, Америка оның энергетикалық нысандары мен мұнай кен орындарын жермен-жексен ететінін мәлімдеді. 
01 сәуір 2026 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 763
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930