» » Флорида тұрғыны ChatGPT-дің көмегімен үйін 5 күнде сатқан

Флорида тұрғыны ChatGPT-дің көмегімен үйін 5 күнде сатқан

Фото: freepik.com
АҚШ-та ерекше мәміле жасалды. Флорида штатының тұрғыны өз үйін небәрі 5 күннің ішінде сатып, жылжымайтын мүлік агентінің қызметін толықтай жасанды интеллектке сеніп тапсырған. Ол барлық негізгі жұмысты ChatGPT арқылы атқарып, риелторлық комиссия қызметіне ақшасын үнемдеген, деп жазады Egemen.kz.
Dexerto порталының мәліметінше, нейрожелі тек кеңес берумен шектелмей, мәміленің басынан аяғына дейін риелтордың міндетін атқарған. ChatGPT нарықтағы деректерге сүйене отырып баға белгілеу стратегиясын әзірлеген, жарнама мәтіндерін жазған, маркетинг пен хабарлама таратуды ұйымдастырған. Сонымен қатар ықтимал сатып алушылармен хат алмасып, тіпті сатып алу-сату келісімшартының бастапқы нұсқасын да дайындаған.
Мәміленің басты нәтижесі – жылдамдық пен үнем. АҚШ-та үй сату әдетте бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін, ал бұл жағдайда жылжымайтын мүлік 5 күнде сатылған. Ең маңыздысы – сатушы риелтор қызметінен бас тартып, әдетте 5-6% болатын комиссиялық төлемнен құтылған. АҚШ-тағы үйлердің орташа бағасы бірнеше жүз мың долларды құрайтынын ескерсек, бұл ондаған мың долларды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай генеративті жасанды интеллектінің тек көмекші құралдан толыққанды мәміле қатысушысына айналып келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен мамандар құқықтық мәселелерге ерекше назар аудару керектігін ескертеді.
Заңгерлер құжаттарды соңғы тексеруден өткізу үшін адвокат немесе брокердің көмегіне жүгінуге кеңес береді. Бұл ұсыныс шарттарындағы қателіктердің, ақпаратты толық ашпау тәуекелінің және меншік құқығын рәсімдеу кезіндегі олқылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Соған қарамастан, бұл оқиға PropTech – жылжымайтын мүлік саласындағы технологиялық шешімдердің жаңа мүмкіндіктерін көрсететін маңызды мысалға айналды. Сарапшылар болашақта ЖИ тұрғын үйді бағалау, жарнама мәтіндерін автоматты түрде әзірлеу және келісімшарт дайындау сияқты қызметтерді кеңінен атқарады деп болжап отыр.
18 наурыз 2026 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930