» » 100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады

100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады

фото: x.com/manniefabian
«Хезболла» ұйымы әскери операция басталғалы бері Израильге ең ірі шабуылдардың бірін жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 
The Times of Israel басылымының хабарлауынша, 100-ге жуық зымырандар Ливанның бірнеше ауданынан ұшырылып, Израильдің солтүстігіне бағытталды. Әуе дабылы Хайфа, Галилея және Голан жоталары аймақтарында соғылды.
Әзірге ғимараттардың зақымданғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Медициналық қызметтің мәліметінше, шабуыл салдарынан бірнеше адам жарақат алған.
Жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Бейрут маңындағы «Хезболла» нысандарына соққы бере бастаған.
«Хезболла» Таяу Шығыстағы қақтығысқа 2 ақпанда араласып, алғаш болып Израильге соққы жасаған. Одан кейін Израиль Ливан аумағындағы «Хезболла» және Иранға тиесілі нысандарға шабуыл жасай бастаған.
Ливан билігі «Хезболланың» әрекеттерін сынға алып, бұл ұйым елді соғысқа тартып жатқанын мәлімдеді.
13 наурыз 2026 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031