» » АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады

АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады

АҚШ-тың ресми тұлғалары Конгрестегі жабық брифингте Минаб қаласында орналасқан қыздарға арналған мектепке  соққы жасағанын мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап. 
Вашингтон бастауыш мектепке жасалған соққы салдарынан 171 оқушы қыздың қаза тапқанына Израильдің қатысы жоқ екенін айтты. 
Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ әскерінің тергеушілері Ирандағы мектепке жасалған соққыны америкалық әскери күштер жүзеге асырған деген қорытындыға келген. Агенттік атап өткендей, әзірге қорытынды нұсқа жасалған жоқ, тергеу ресми түрде аяқталмаған.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының өкілі бұл оқиға бойынша тергеу жалғасып жатқандықтан, «жағдайға қатысты пікір білдіру орынсыз болатынын» мәлімдеді.
Айта кетейік, Иранның Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке соққы 28 ақпанда, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әскери операциясының алғашқы күні жасалған. Елдің Білім министрлігінің мәліметінше, кемінде 175 мұғалім мен оқушы қыз қаза тапқан.
Пентагон басшысы Пит Хегсет америкалық әскери күштер ешқашан азаматтық нысандарға шабуыл жасамайтынын атап өтіп, мектепке жасалған соққы жан-жақты тергеліп жатқанын айтты.
Иранның Fars агенттігінің хабарлауынша, Тегеран кінәлілерді анықтап, жауап шараларын дайындап жатыр.







08 наурыз 2026 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30