» » Манас қаласының аты ауыспайды

Манас қаласының аты ауыспайды

Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов әлеуметтік желілерде тараған Жалал-Абад облысындағы Манас қаласы бұрынғы атауына қайта оралады деген ақпараттың шындыққа еш жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, Манас қаласының атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде қаралмаған және алдағы уақытта да қарастырылмайды. Қала қазіргі Манас атауын сақтап қалады.
Еске салсақ, Жалал-Абад қаласын Манас деп қайта атау бастамасын сол кездегі шаһар мэрі Эрнисбек Ормоков көтерген еді. Оның айтуынша, бұл ұсыныс тұрғындар мен ақсақалдар тарапынан түскен.
2025 жылғы 3 қыркүйекте Жалал-Абад қалалық кеңесінің депутаттары қаланың атауын өзгерту жөніндегі бастаманы қолдады. Ал 10 қыркүйекте Жогорку Кенеш қаланы Жалал-Абадтан Манас деп қайта атау туралы заң жобасын үш оқылымда бірауыздан мақұлдады.
Кейін 17 қыркүйекте құжатқа Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қол қойып, заң 27 қыркүйекте ресми түрде күшіне енді.
26 ақпан 2026 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031