» » Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді

Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді

Қырғызстан президенті Қамчыбек Ташиевті қызметінен босату туралы шешім қабылдамас бұрын, оған қоңырау шалып, жағдайды түсіндірген. Шешімді содан кейін ғана қабылдаған. Садыр Жапаров бұл туралы «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президенттің айтуынша, бұл шұғыл шешім досын қорғау үшін қабылданған.
«Өйткені оның қасындағы «ақсақалдар» мен «көксақалдар» бәрібір тура жолдан тайдыруға тырысатын еді», деді Садыр Жапаров.
Қамчыбек Ташиевтің атын жамылған топ парламент депутаттарын, мемлекеттік қызметкерлерді және қоғамда танымал адамдарды «генералдың жағына өтіңіздер» деп үгіттей бастаған.
«Егер мен оны қызметінен босатпасам, олардың әрекеттері күшейіп, мемлекеттік аппарат пен қоғам арасында бөлінулер туындауы мүмкін еді. Сондықтан мен досымды қызметтен босатуға мәжбүр болдым. Мен үшін ең бастысы − елдегі тұрақтылық», деді Қырғызстан президенті.

13 ақпан 2026 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031