» » Имамдарға жалақы төленеді

Имамдарға жалақы төленеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте өтіп жатқан үшінші Халықтық құрылтайда имамдарға жалақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz kabar.kg-ге сілтеме жасап.
Қырғыз президентінің айтуынша, 2025 жылдың наурыз айынан бастап имамдарға бастапқыда 8 мың сом, жыл соңына дейін 20 мың сом жалақы төлеу жоспарланып отыр. 
«Бұл бағытқа қаржы бюджеттен бөлінбейді. Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы бұған дейін мән бермеген дереккөздер бар. Бұл қаржыны мешіттердің қызметіне, дәлірек айтсақ имамдарға бағыттағымыз келеді. Біз зайырлы мемлекет ретінде дінге араласпаймыз, ал дін өкілдері саясатқа араласпайды. Осыған байланысты біз республикалық бюджеттен қаржы бөле алмаймыз. Сонымен бірге, мемлекет өз мүмкіндігіне қарай Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасына қолдау көрсетіп жатыр», деді Садыр Жапаров.
Көрші ел басшысы 2025 жылы Қырғызстан мешіттерінде электронды садақа жәшіктері орнатылатынын да атап өтті.
«Келесі жылы әрбір мешітке электронды жәшіктер орнатылады. Халық садақаны QR кодын пайдаланып телефон арқылы аудара алады. Сондықтан қасиетті үйлерде бұрынғыдай темір және ағаш жәшіктер болмайды.  Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы  электронды садақа жәшіктеріне жиналған қаржыны қайда жіберу керек екенін өздері шешеді», деді Қырғызстан президенті. 
23 желтоқсан 2024 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930