» » Қырғыз Президенті 4 сынып оқушысына өз телефонын сыйлады

Қырғыз Президенті 4 сынып оқушысына өз телефонын сыйлады

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Құлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқушының қар омбылап оқуға бара жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Онда 4 сынып оқушысы қар қалың болса да (шамамен 1 метрге жуық), қиналып жүрсе де, мектепке қарай табандылықпен бара жатады. Президент Садыр Жапаров бұл видеоны көріп, баланың қиын жағдайда да оқуға ұмтылғанын жоғары бағалады.
Ол Нұрзаманды президенттің жаңа жылдық мерекелік шыршасына шақырып, бүгін оған жеке өзі сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар президент оқушыға өзінің ұялы телефонын берді.
Мемлекет басшысы бұл баланың өзіне балалық шағын еске салғанын айтты: ол да бала кезінде алыстағы Кен-Суу ауылында қарды кешіп, мектепке барған екен.
Кездесу соңында президент Садыр Жапаров Нұрзаманға үлкен табыс тіледі.
18 желтоқсан 2025 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30