» » Қырғызстан астанасын Бішкектен Манасқа көшіруі мүмкін

Қырғызстан астанасын Бішкектен Манасқа көшіруі мүмкін

Қырғызстанда кейбір саясаткерлер ел астанасын Бішкектен Манас қаласына көшіру мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчыбек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
– Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын, Алла қаласа, болады. Ол үшін қаланы да, халықты да дайындау керек, психологиялық тұрғыда дайын болу қажет. Астана болу – оңай іс емес. Қалаға көп қаржы бөлінеді, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Оны заманауи қала етуіміз керек, – деді Ташиев 11 қазанда Манас қаласындағы мектеп директорларымен кездесуде.
Оның айтуынша, Манас 2026 жылы республикалық маңызы бар үшінші қала мәртебесін иеленеді.
Жалал-Абад қаласы ресми түрде 17 қыркүйекте Манас болып қайта аталды. Тиісті заңға президент Садыр Жапаров қол қойған.
Манас – Қырғызстандағы үшінші ең ірі қала, Жалал-Абад облысының әкімшілік орталығы. Қаланың халқы 184 400 адамды құрайды. Ол елдің оңтүстігінде, Ферғана жазығында орналасқан.
12 қазан 2025 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031