» » Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Үндістан астанасында өткен 11-ші Халықаралық ән-би фестиваліне (11th Music and Dance Festival) еліміздің өнерпаздары да қатысты. Аталған халықаралық алаңда қазақ өнерінің кең тынысы, кәсіби деңгейі мен заманауи үнқатысуы жарқын көрініс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фестивальде Қазақстан атынан шамамен 68 өнерпаз өнер көрсетті. Олардың қатарында маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Гәкку» балет би ансамблі, сондай-ақ Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры бар. Әр ұжым ұлттық музыкалық-би мұрасын заманауи сахналық шешімдермен ұштастырып, көрерменге әсерлі бағдарлама ұсынды.
Іс-шараның ең айрықша тұстарының бірі – Қазақстан өнер ұжымдарының үндістандық көрнекті музыканттармен бірлескен концерттік қойылымдары болды. Атап айтқанда, әлемге танымал скрипкашы Доктор Л. Субраманиам және әйгілі вокалист Кавита Кришнамуртимен бірге өнер көрсетуі екі елдің музыкалық дәстүрлері арасындағы үндестікті, ортақ рухани құндылықтарды айқын көрсетті. Бұл бірлескен қойылымдар ұлттық мектептердің өзара ықпалдасуының мүмкіндіктерін ашып, мәдени диалогтың жаңа қырын ұсынды.
Концертке Үндістанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ үнді жоғары оқу орындарында білім алып жүрген Қазақстан студенттері қатысты. Көрермен арасында қалыптасқан бірлік пен ұлттық мақтаныш атмосферасы қазақ өнерінің шетелдегі ықпалын айқын сездірді.
Аталған мәдени жоба – қазақ-үнді мәдени дипломатиясының жарқын үлгісі. Ол халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық мәдени беделін арттыруға да елеулі үлес қосты. Фестиваль аясындағы өнер көрсетулер Қазақстанның бай музыкалық мұрасын жаһандық мәдени кеңістікке танытуға, шығармашылық әріптестікті кеңейтуге мүмкіндік берді.
Біздің өнерпаздардың гастрольдік сапары мұнымен шектелмейді. Алдағы күндері олар Үндістанның Калькутта, Ченнай және Бангалор қалаларында концерттік бағдарламалар ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл сапарлар қазақ өнерінің географиясын кеңейтіп, мәдени байланыстарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болмақ.
22 қаңтар 2026 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 314
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031