» » 2032 жылға дейін Айда қонақүй салынады

2032 жылға дейін Айда қонақүй салынады

Сурет ЖИ көмегімен жасалды
GRU Space Айда алғашқы қонақүйлер салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сан-Францискода орналасқан стартап 2032 жылдан бастап Айға туристерді жібере бастауға ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Компания бұл бастамасын соңғы жылдары ғарышқа жүк шығару құнының айтарлықтай арзандауымен байланыстырады. Бұған, ең алдымен, SpaceX қызметінің ықпалы зор. Алдағы уақытта нарықтағы бәсеке күшейіп, оның ішінде Blue Origin және өзге елдердегі қайта пайдаланылатын зымыран жобаларының есебінен ғарышқа ұшу одан әрі арзандайды деп күтіледі.
GRU Space өкілдерінің айтуынша, ғарыш қазірдің өзінде бай адамдар үшін туристік бағытқа айналып келеді. Алғашқы кезеңде қонақүйлер туристермен бірге Ай бетіне жеткізіледі. Олар екі-төрт адамға арналған үрлемелі модульдер болады. Егер жылына үш рейс орындалса, бір турист үшін сапар құны шамамен 416 мың долларды құрайды.
Кейінірек компания неғұрлым күрделі құрылымдар салуды жоспарлап отыр. Бұл нысандарды тұрғызу кезінде Жерден жеткізілетін материалдармен қатар Айдың өз бетіндегі ресурстар да пайдаланылмақ. Сан-Францискодағы Бейнелеу өнері сарайының сәулетінен шабыт алған мұндай қонақүйлер 10 қонақты қабылдай алады. Бұл жағдайда жолдама бағасы 83 мың долларға дейін төмендеуі мүмкін.
Технологияларды сынақтан өткізуге арналған дайындық ұшулары 2029 және 2031 жылдарға жоспарланған. Компания осы сынақтар сәтті өткен жағдайда Ай туризмі жаңа индустрияға айналады деп үміттенеді.
16 қаңтар 2026 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930