Эдмундо Гонсалес өзін Венесуэла президенті деп жариялады
Фото: The Biden White HouseВенесуэла оппозициясының көшбасшысы Эдмундо Гонсалес өзін елдің заңды президенті деп мәлімдеп, қарулы күштерді өзіне бағынуға шақырды. АҚШ қолдауына ие болған саясаткер билікті басып алғандардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Гонсалестің мәлімдемесі: «Мен – Жоғарғы Бас қолбасшымын»Эдмундо Гонсалес өзінің «Х» әлеуметтік желісіндегі бейнеүндеуінде халықтың 2024 жылғы 28 шілдедегі таңдауы аяққа тапталғанын айтып, қазіргі жағдайды «билікті узурпациялау» деп атады.
«Бүгін билікті басып алған адам елде емес және ол сот алдында жауап береді. Елдегі шынайы тұрақтылық халықтың 28 шілдедегі таңдауы құрметтелгенде ғана орнайды», деді Гонсалес.Сондай-ақ ол елдің қарулы күштеріне үндеу тастап, өзін Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде тануды талап етті.
Венесуэла көшбасшысы бүгін сотқа тартылады
Билік кімнің қолында?
2024 жылғы сайлауда Ұлттық сайлау кеңесі Николас Мадуроны жеңімпаз деп жариялаған болатын. Алайда АҚШ бастаған бірқатар елдер бұл нәтижені мойындамай, Гонсалесті заңды басшы деп есептейді.2026 жылдың 4 қаңтарындағы жағдай бойынша:
- Венесуэла Жоғарғы соты президент ұсталғаннан кейін (Мадуро туралы айтылуда), мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы ретінде вице-президент Делси Родригесті тағайындады.
- Алайда АҚШ Президенті Дональд Трамп Делси Родригеске ескерту жасап, егер ол Вашингтонның талаптарын орындамаса, ауыр салдарға тап болатынын мәлімдеді.
Эдмундо Гонсалес өз үндеуінде: «Біз өз принциптерімізге ешқашан опасыздық жасамаймыз, ұлтты қалпына келтіру осыған негізделеді. Венесуэла құқықтар мен үміт салтанат құрған болашаққа лайықты», деп атап өтті.Қазіргі уақытта Венесуэлада екіұдай билік орнап, халықаралық қауымдастықтың назары Латын Америкасына ауып отыр. Жағдайдың бұдан әрі қалай өрбитіні әскерилердің кімді қолдайтынына тікелей байланысты болмақ.
АҚШ Венесуэланың астанасы Каракасқа әуе соққыларын жасады














