» » Бразилияның экс-президентіне ауыр айып тағылды

Бразилияның экс-президентіне ауыр айып тағылды

Сейсенбі күні Бразилияның бас прокуроры бұрынғы президент Жаир Болсонаруды мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп ресми түрде айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News арнасына сілтеме жасап.
Хабарланғандай, жоспарда қазіргі президент Луис Инасиу Лула да Силваны улау және Жоғарғы сот судьясы Александр де Мораесты өлтіру болған.
«Қылмыстық ұйым мүшелері билік жүйесін және демократиялық тәртіпті жоюға бағытталған шабуыл жасау жоспарын президенттік сарайда әзірлеген. Бұл жоспар «Жасыл және сары қанжар» деген зұлым атауға ие болды» деп жазды Бас прокурор Паулу Гонет Болсонару мен тағы 33 адамға қатысты 272 беттік айыптау қорытындысында.
Айта кетейік, Болсонару көбінесе Бразилияның ұлттық жасыл-сары футбол жейдесін киіп жүреді, сондықтан бұл түстер оның саяси қозғалысымен байланыстырыла бастаған.
Жоғарғы сот айыптауларды қарап, егер олар қабылданса, Болсонару сот алдында жауап береді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, мемлекеттік төңкерістен басқа, 34 күдікті қарулы қылмыстық ұйымға қатысу, демократиялық құқық тәртібін күшпен құлатуға әрекет жасау, мемлекеттік активтерге зорлық-зомбылық пен ауыр қауіп ретінде бағаланған залал келтіру, сондай-ақ мәдени мұра нысандарының жағдайын нашарлату бойынша айыпталған.
Бұған дейін Болсонару 2026 жылғы сайлауға қатысу құқығынан айырылған болатын. Жоғарғы сайлау сотының судьялары оның билікті асыра пайдаланғанын және елдегі электронды дауыс беру жүйесінің тиімділігіне негізсіз күмән келтіргенін анықтаған еді.
21 ақпан 2025 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031