» » АҚШ Каспий құбыр консорциумы, «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобаларына қатысты санкцияларды тоқтатты

АҚШ Каспий құбыр консорциумы, «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобаларына қатысты санкцияларды тоқтатты

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Каспий құбыр консорциумы (КТК), «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобасына қатысты бұрын әрекет еткен шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство жаңа 124B нөмірлі жалпы лицензияны жариялап, аталған жобаларға қызмет көрсету мен оларды үздіксіз пайдалануға рұқсат берді. Лицензия осы жобаларға қатысы бар барлық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Рұқсат сондай-ақ «Роснефть», «Лукойл» және олардың еншілес компаниялары қатысатын операцияларға да таралады, егер олар КТК, ТШО немесе Қарашығанақ қызметімен тікелей байланысты болса. Дегенмен аталған жобалардағы үлестерді сату немесе үшінші тұлғаларға беру жөніндегі шектеу күшінде қалады.
Жаңа лицензия 14 қарашада күшіне енді және оған дейін қолданылған 124A лицензиясының орнын толық басты.
16 қараша 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031