» » Қытайда алғаш рет робот докторантураға оқуға түсті

Қытайда алғаш рет робот докторантураға оқуға түсті

Фото: Синьхуа
Шанхай театр институты алғаш рет адам емес студентті қабылдады. «Сюэба 01» деп аталатын робот енді алдағы төрт жылда «Сандық орындаушылық дизайн» мамандығы бойынша білім алады, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
175 см бойлы, 32 келілік гуманоид сахналық қимылдар мен дәстүрлі қытай операсының техникасын жүйелі түрде зерттемек. Жоба Шанхай театр институты мен Шанхай политехникалық университетінің бірлескен бастамасы. Университет инженерлері роботтың техникалық базасын әзірлесе, театр институты оның көркемдік қабілетін дамытуға жауапты.
Айта кетейік, «Сюэба 01» бұған дейін Бейжіңдегі жартылай марафонда гуманоид роботтар арасында жүлдегер атанған «Синчжэ № 2»-нің жетілдірілген нұсқасы. Жаңа модель жеңіл биомиметикалық бұлшықеттермен, шынайы мимика жүйесімен және үздіксіз 6 сағат жұмыс істеу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ол 100-ден аса адамға тән бет қимылын жасап, көрермен реакциясына қарай өз қойылымын бейімдей алады.
Жоба жетекшілері робот әзірге қозғалыс мәнерінде жетілуді қажет ететінін айтады. Сондықтан кәсіби орындаушылардың қимылын көшіріп, арнайы деректер жиынтығы арқылы үйрету көзделген. Болашақта ол бейнежазбалардан тікелей үйрене алады деп күтіледі.
Шанхай театр институтының профессоры Ян Цинциннің айтуынша, бастаманың басты мақсаты — өнер мен технологияны түйістіріп, қытай операсы сияқты мәдени мұраның жаңа буынға жетуіне жол ашу.
28 қыркүйек 2025 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 901
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930