» » Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды

Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды

18 қыркүйек – Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) 28-ші Конгресі аясында, Дубай қаласында өткен сайлау нәтижесінде Қазақстан Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша еліміз 110 дауыс жинап, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азия өңірінен сайланған алты мемлекеттің қатарына енді. Қазақстанмен бірге Кеңеске Болгария, Польша, Сербия, Украина және Әзербайжан кірді.
Пошталық операциялар кеңесі – ДПО-ның негізгі құрылымдарының бірі. Ол халықаралық пошта стандарттарын әзірлеу мен енгізуге, электрондық сауданың трансшекаралық ағымдарын дамытуға, цифрландыруға және жаһандық пошта логистикасының сапасын арттыруға жауапты.
Қазақстанның осы Кеңеске сайлануы – елімізге деген әлемдік қауымдастықтың жоғары сенімін білдіреді. Бұл қадам еліміздің жаһандық пошта күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін күшейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазақстан алдағы уақытта осы алаңды заманауи цифрлық шешімдерді ілгерілетуге, трансұлттық электрондық коммерцияны дамытуға, пошта қызметтерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ өңірлік және халықаралық әріптестікті нығайтуға белсенді пайдалануды көздеп отыр.

egemen.kz

21 қыркүйек 2025 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930