» » Трамп TikTok желісінің бұғатталуын желтоқсанға шегерді

Трамп TikTok желісінің бұғатталуын желтоқсанға шегерді

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайдың TikTok әлеуметтік желісін ел аумағында бұғаттауды кейінге шегеру туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, қосымшаны тоқтату шаралары мен айыппұл санкциялары 2025 жылдың 16 желтоқсанына дейін қолданылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Трамп сейсенбі күні АҚШ пен Қытай арасында TikTok мәселесіне қатысты келісімге қол жеткізілгенін айтты. Оның сөзінше, «ірі компаниялар тобы» платформаны сатып алуға қызығушылық білдіріп отыр. Ал келісім шарттарының түпкілікті бекітілуі 19 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы өтетін әңгіме барысында күтіледі.
Бұған дейін, 15 қыркүйекте АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Испаниядағы келіссөздер нәтижесінде Вашингтон мен Бейжің TikTok-ты АҚШ бақылауына беру бойынша алдын ала уағдаластыққа келгенін хабарлаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден ByteDance компаниясын елде өз қызметін тоқтатуға немесе платформаны сату жөнінде заңға қол қойған болатын. Алайда Дональд Трамп 2025 жылғы 20 қаңтардағы инаугурациясынан кейін аталған тыйымды уақытша шегеру туралы шешім қабылдады.
Трамп бұған дейін TikTok желісіне оң көзқараспен қарайтынын, өйткені, президенттік сайлауда әлеуметтік желі қолданушларының қолдауы оның жеңіске жетуіне ықпал еткенін айтқан.
19 қыркүйек 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 110
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031