» » Жапония смартфон қолдануды шектемек

Жапония смартфон қолдануды шектемек

Жапонияның Тойоакэ қаласының атқарушы билігі тұрғындардың жұмыстан және мектептен тыс уақытта смартфон пайдалануын күніне екі сағатқа шектеуді ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz

(сурет ашық дереккөзден)

Қала мэрі Масафуми Кокидің айтуынша, бұл шара денсаулыққа қауіп-қатерді, соның ішінде ұйқы мәселелерін азайтатын көрінеді. 
Аталған ұсыныс бойынша, мектеп оқушылары үшін бөлек ережелер енгізілген. Кішкентай балаларға сағат 21.00-ден кейін, ал ересек балаларға кешкі 22.00-ден кейін смартфондарды пайдаланудан мүлдем бас тарту қажет.
Бұл идея әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған. Кейбір азаматта бұлайша екі сағаттық шектеуді жөн көрмейді. Тағы біреулер смартфондарды пайдалану уақытын әр отбасының өзі шешуі керек деп есептейді. Бұл пікірлерге орай жауап ретінде қала басшысы шектеулер кеңес беру сипатында болатынын түсіндірді.
Шешім келесі аптада қабылданбақ. Бұл оң қадам болса, шара қазан айында күшіне енетін көрінеді.
Осыған ұқсас шаралар Жапонияда бұған дейін де қолданылған, атап айтқанда 2020 жылы Кагава префектуралық үкіметі балаларға ойынды жұмыс күндері бір сағатқа, ал мереке күндері 90 минутқа дейін шектеуді ұсынған. 15 жасқа дейінгі балалар үшін сағат 21:00-ден кейін, ал 15 жастан асқан жасөспірімдер үшін сағат 22:00-ден кейін смартфон қолданбау ережесі бар.
31 тамыз 2025 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 528

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930