» » НАТО-ның келесі саммиті 2026 жылы Анкарада өтеді

НАТО-ның келесі саммиті 2026 жылы Анкарада өтеді

НАТО саммитін 2026 жылы 7-8 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ресми түрде альянс хатшысы Марк Рютте мәлім етті.
Рютте Түркия тарапына маңызды халықаралық іс-шараны өткізуге дайындығы үшін ризашылығын білдірді.
- Мен Түркияға 7-8 шілдеде Анкарада НАТО саммитін өткізетіні үшін алғысымды білдіргім келеді, - деп мәлімдеді Рютте.
Ол сонымен қатар ұйымға мүше елдердің президенттері мен үкімет басшылары қауіпсіздік бойынша шешуші мәселелерді талқылап, заманауи қауіптерге стратегиялық жауаптар әзірлеуді жалғастыратынын жеткізді.
Бұл кейінгі 25 жылда Түркияда өтетін НАТО-ның екінші саммиті болмақ. 2004 жылы осындай іс-шара Ыстанбұлда өткен болатын. Кездесуді Анкарада өткізу туралы шешім Түркияның альянстың шешуші мүшесі әрі НАТО-ның оңтүстік қанатының стратегиялық серіктесі ретіндегі рөлін көрсетеді.
Саммиттің күн тәртібіне қорғанысты нығайту, серіктес елдерге қолдау көрсету, шығыс қанатты күшейтіп, НАТО-ны өзгеріп жатқан геосаяси жағдайға бейімдеу мәселелері кіреді.
21 тамыз 2025 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930