» » Стамбул мэрі 20 айға қамалды

Стамбул мэрі 20 айға қамалды

Түркия соты Стамбулдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлуды бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
Сот Имамоғлуды Стамбул прокурорын жұрт алдында балағаттап, қорқытқаны үшін кінәлі деп тапты. Десе де айыпталушы өз кінәсін мойындамай, «Мен сот жүйесін теріс пайдаланумен және оны саяси құрал ретінде пайдаланумен күрестім. Бұл шын мәнінде ұлтымызды қорлау», деген пікірін айтып салды. 
Істің қозғалуына Экрем Имамоглудың Стамбулдың бас прокуроры Акин Гүрлекке жазған, мазмұны белгісіз мәлімдемелері себеп болған. Бұл іс әкімнің 2025 жылдың қаңтарында жасаған мәлімдемелеріне қатысты екені хабарланған. 
Айыптаушы тарап Имамоглының саяси белсенділігін шектей отырып, кем дегенде екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылуды талап етті. Сот үкімімен ол 1 жыл 8 айға қамалды. 
Айта кетейік, Түркиядағы президенттік сайлау 2028 жылға жоспарланған, алайда оппозиция оны мерзімінен бұрын өткізуді  талап еткен болатын. Кейіннен партия төрағасы Озгюр Фазел мерзімінен бұрын сайлауға қол жинау жөніндегі жалпыұлттық науқанның басталғанын хабарлаған. Әлемдік БАҚ Экрем Имамоғлу елдің қазіргі президентінің басты қарсыластарының бірі болғанын атап өтіп жатыр. 
18 шілде 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 230
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 782

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930