» » 92 жасында кезекті сайлауға түседі

92 жасында кезекті сайлауға түседі

Камерун президенті Поль Бийя биыл қазан айында өтетін президенттік сайлауға қатысатынын мәлім етті. Бұл туралы ол 13 маусым күні әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 92 жастағы мемлекет басшысы бұл шешімін «халықтың көптеген әрі табанды өтініштерімен» байланыстырды, деп жазады Egemen.kz.
«Халқыма қызмет етуге деген жігерім еліміздегі жағдайдың өзектілігіне сай келеді», деп жазды ол.«Халқыма қызмет етуге деген жігерім еліміздегі жағдайдың өзектілігіне сай келеді», деп жазды ол.
Поль Бийя Камерунды 1982 жылдан бері басқарып келеді. Ол кезде 49 жастағы премьер-министр болатын. Содан бері ел тізгінін ешкімге берген емес. Алдағы сайлау оның сегізінші рет қатысуы болмақ.
Осы уақыт ішінде халықаралық ұйымдар мен оппозиция өкілдері сайлаудың әділ өтпеуі, саяси қарсыластардың қысымға ұшырауы және жемқорлық деңгейінің жоғары болуы жөнінде бірнеше рет сын айтқан. Transparency International ұйымының 2024 жылғы есебінде Камерун жемқорлықты қабылдау индексінде 180 елдің ішінде 140-орында тұр.
Президенттің сайлауға қайта түсуі қоғамда түрлі пікір тудырды. Кейбір тұрғындар бұл шешімді түсінбейтінін айтса, енді біреулер билікке жаңа буын келуі қажет екенін жеткізді.
Бийяның негізгі қарсыластары қатарында:
• 2018 жылғы сайлауда оппозиция атынан қатысқан Морис Камто;
• жуырда билік коалициясынан шыққан министр Исса Чирома Бакари;
• бұрынғы премьер-министр Белло Буба Майгари және басқа да үміткерлер бар.
Айта кетейік, Камерундағы президент сайлауы 2025 жылғы қазан айына жоспарланған.
17 шілде 2025 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031