» » Израиль келіссөзге дайын, бірақ...

Израиль келіссөзге дайын, бірақ...

Израиль Газа секторындағы соғысты тоқтату үшін келіссөз жүргізуге дайын. Алайда бұл үшін палестиналық анклавтың толық қарусыздануы – басты талап. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Вашингтонда жүріп, арнайы бейнеүндеу арқылы мәлімдеді. Оның айтуынша, ХАМАС қаруын тастап, әскери және үкіметтік істерден біржола бас тартуы тиіс, деп жазады Egemen.kz
Қазір Дохада АҚШ, Қатар және Мысырдың араағайындығымен тараптар арасындағы тікелей емес келіссөздер жүріп жатыр. Келіссөздің негізіне Дональд Трамп ұсынған жоспар алынған. Онда атысты 60 күнге тоқтату қарастырылған.
«Біз барлық тұтқынды қайтарып, оқ ату әрекеттерін 60 күнге тоқтатуға әзірміз. Осы уақыт ішінде тараптар ұзақмерзімді бейбіт келісімге келуге тырысуы керек. Алайда, бұл үшін ХАМАС Газадағы әскери құрылымдарды жойып, биліктен кетуі қажет. Егер бұл талап орындалмаса, біз өзге жолмен әрекет етеміз»,  деді Биньямин Нетаньяху.
Айта кетейік, атыс пен қақтығыс салдарынан Газа секторы үлкен гуманитарлық дағдарысқа ұшырап отыр. Израильдің бұл мәлімдемесі келіссөз үдерісіне жаңа серпін беріп, тараптарды нақты шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін.
13 шілде 2025 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930