» » Қытай билігі жүздеген роботтарды пайдаланып 7 500 тонналық тарихи тұрғын үйді орнынан көшірді

Қытай билігі жүздеген роботтарды пайдаланып 7 500 тонналық тарихи тұрғын үйді орнынан көшірді

Шанхайдағы Чжанъюань тарихи сәулет кешенінде 1920-1930 жылдары салынған Хуаяньли тұрғын үй кешенін көшіру бойынша ауқымды жоба басталды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Жэньминь жибао басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аумағы 4 030 шаршы метр, салмағы 7 500 тонна болатын кешен 432 мобильді роботтың көмегімен тарихи орнына қайтарылып жатыр. Бұл Қытай тарихындағы шикумэнь стиліндегі ғимараттар тобының қатысуымен жасалған ең үлкен операция.
Көшіру процесі 19 мамырда басталды. Кешендегі үш қаңқалы кірпіш ғимараттың сәулет элементтері сақталуы үшін арнайы роботтар пайдаланылды. Олар күніне шамамен 10 метр жылдамдықпен қозғалады.
“7 маусымға жоспарланған көшіру жұмыстары аяқталған соң 53 мың шаршы метр жерасты алаңының құрылысы басталады. Онда мәдени және сауда нысандары, 100-ден астам автотұрақ орналасады. Сондай-ақ метро желілері арасындағы жол алмасу жақсарады. Бұл шешім ғимараттардың тарихи келбетін сақтап, оларды заманауи пайдалануды қамтамасыз етеді”, – деоінген жергілікті билік хабарламасында.
Шикумэнь стилі батыс және Қытай құрылыс дәстүрлерін байланыстыратын ескі Шанхайдың архитектуралық символ. ХХ ғасырдың басынан бері мұндай үйлер заманауи дамумен белсенді түрде ауыстырылды. 7 500 тонна тарихи тастың бұзылмай көшіріліп жатқанының өзі қала құрылысы мен қалпына келтіру саласындағы жаңа мүмкіндіктерді көрсетеді.
07 маусым 2025 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930