» » ОБЛЫС ӘКІМІ «МЕРЕЙ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ «МЕРЕЙ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында қала орталығындағы жаңадан бой көтерген «Мерей» көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аумағы 11 113 шаршы метрлік тұрғын үй 7 қабатты, 82 пәтері бар. Кешендегі негізгі жұмыстар аяқталған, аумағы абаттандырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында қаржыландырудың барлық көзінен өңірде 863 900 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 37 млрд 100 млн теңгеге 3 мыңға жуық пәтер табысталып, 13 мың тұрғын қоныстой тойлайды.

2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер беріліп, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген болатын.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 қазан 2024 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728