» » Манитобада орман өртіне байланысты төтенше жағдай енгізілді

Манитобада орман өртіне байланысты төтенше жағдай енгізілді

Канадада аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан болған жойқын орман өрттері салдарынан Манитоба провинциясында төтенше жағдай режимі енгізілген. BILD агенттігінің хабарлауынша, стихиялық апаттың ауқымы өте кең. Қазіргі таңда 17 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Ал жалын шарпыған орман көлемі 200 мың гектардан асқан,  бұл соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен үш есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Провинцияның премьер-министрі Ваба Кинью бұл жағдайды «Манитобаның тарихындағы ең ірі эвакуация» деп атап өтіп, елді климаттың өзгеруіне жедел бейімделуге шақырған.
Хабарланғандай, Флин-Флон шахтерлік қалашығында жағдай өте күрделі. Қалаға апаратын жалғыз жол кептеліске толы, ал жергілікті жанармай бекеттерінде отын таусылған. Сондықтан эвакуация Канада Қарулы күштерінің әскери ұшақтары арқылы жүргізіліп жатыр.
Аптап ыстық пен құрғақ ауа райы өрттің қарқынын күшейтіп отыр. Ауа температурасы +37 градусқа жеткен. Прерийлердегі шөп пен топырақ әбден кеуіп, өрт ошақтары бірінен кейін бірі тұтған.
«Бұрын бір аймақта ғана өрт болатын, қазір бір мезгілде бірнеше аймақ бірдей өртеніп жатыр. Бұл — климаттың өзгеруінің айқын көрінісі», деді Провинцияның премьер-министрі.
Мамандар өрттің масштабын ескеріп, жағдайдың одан әрі ушығуы мүмкін екенін ескертеді.
31 мамыр 2025 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031