» » Румынияда президент сайлауы өтіп жатыр

Румынияда президент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Румынияда президент сайлауының бірінші кезеңі өтіп жатыр. Сайлау учаскелері ашылып, сайлаушылар дауыс беруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент сайлауы үш күн бойына өтеді. Осы үш күнде 18 млн сайлаушы, 19 мың сайлау учаскелерінде (шекарадан тыс 965 сайлау учаскесі бар) өз таңдауларын жасайды. Румыния президенттігіне  11 адам үміткер болып отыр. Егер бүгін үміткерлер  50% -дан жоғары дауыс жинай алмаса  сайлаудың екінші кезеңі өткізіледі. Ол 18 мамырға белгіленген.
Румынияда сайлаудың алдында қоғамдық пікірге  сауалнама жасалған болатын. Сауалнама нәтижесі сайлаудың басты үміткері  ультраоңшыл  «Румындарды біріктіру альянсы» оппозициялық қозғалысының лидері Джордж Симеон екенін көрсеткен.
Ал Симеонның басты қарсыластары Бухарест мэрі Никушор Дан, үкімет коалициясынан кандидат Крин Антонеску мен елдің бұрынғы премьер-министрі Виктор Понта.
Еске салайық, бұл сайлау Румыниядағы ең даулы саяси жанжалмен байланысты, себебі елде президент өткен жылдың соңына дейін сайлануы тиіс болатын. Сол кезде екінші турға батысшыл саясаткер Елена Ласкони мен тәуелсіз кандидат Кэлин Джеорджеску шыққан еді, алайда елдің Конституциялық соты дауыс беру нәтижелерін жойды. Бұған қоса, сайлау додасында алға шыққан Джеорджескуді Орталық сайлау комиссиясы қайта өтетін сайлауға мүлдем қатыстырмау туралы шешім қабылдады, бұл оның жақтастары тарапынан жаппай наразылыққа себеп болды.
Сайлау нәтижесінің жойылуы желтоқсан айында Румыния оппозициясы тарапынан жаппай наразылық акцияларына алып келді. Ресей Сыртқы істер министрлігі Румыниядағы президент сайлауында болған оқиғаны «демократиялық елдер үшін бұрын-соңды болмаған жағдай» деп атады.
Ақпан айында АҚШ вице-президенті Джей Ди Дэнс Еуропа елдерін сынға алып, Румыниядағы жағдайды демократиялық институттардың дағдарысының мысалы ретінде келтірген болатын.
04 мамыр 2025 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930