» » Әйелдерден құралған экипаж тарихта алғаш рет ғарышқа ұшты

Әйелдерден құралған экипаж тарихта алғаш рет ғарышқа ұшты

14 сәуірде Blue Origin компаниясы тарихта алғаш рет толық әйелдерден құралған экипажды ғарышқа аттандырған, деп хабарлайды Egemen.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. 
Amazon қожайыны және миллиардер Джеффом Безос құрған Blue Origin компаниясы әйелдер экипажын суборбиталық ұшуға жіберді. Яғни, олар орбитаға толық шықпай біраз биіктікке көтеріліп, Жерді айналып ұшпай, қайта оралды. 1963 жылы Валентина Терешкованың жалғыз жасаған миссиясынан кейінгі алғашқы толық әйелдер экипажы ғарышқа сапарлады. Ұшу барысында экипаж мүшелері Жердің керемет көрінісіне куә болып, гравитацияны сезінді. 
New Shepard зымыраны Техастағы ғарыш айлағынан 6 жолаушыны көкке көтеріп, Карман сызығына дейін жеткізді. Бұл Жерден шамамен 100 шақырым қашықтағы ғарыш сызығы саналады. Миссия 10 минут 21 секундқа созылды.
  • Лорен Санчес – журналист, ұшқыш және Bezos Earth Fund ұйымының вице-төрайымы. Ол осы миссияны ұйымдастырып, басқарды;
  • Кэти Перри – әлемге танымал поп-жұлдыз;
  • Гейл Кинг – CBS жаңалықтарының жүргізушісі;
  • Аиша Боуи – бұрынғы NASA инженері, STEM саласындағы кәсіпкер және STEMBoard компаниясының негізін қалаушы;
  • Аманда Нгуен – азаматтық құқық қорғаушы, Rise ұйымының негізін қалаушы және Нобель сыйлығының бейбітшілік аталымы бойынша номинанты;
  • Керианн Флинн – гендерлік мәселелерге бағытталған фильмдер продюсері. 
NS-31 миссиясы гендерлік теңдік пен әртүрлілікті насихаттап, келешек ұрпақтың ғарышқа ұмтылуына шабыт беруді мақсат етті.
Ғарышта 700 адам болса, соның 15 пайызын ғана әйелдер құрайды.
16 сәуір 2025 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 454
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 253

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930