» » Crew Dragon ғарыш кемесі алғашқы орбиталық рейсін жасады

Crew Dragon ғарыш кемесі алғашқы орбиталық рейсін жасады

2025 жылдың 1 сәуірінде Crew Dragon ғарыш кемесі жер полюстерінің үстіндегі алғашқы орбиталық рейсін бастап, ғарышқа ұшты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеннеди ғарыш орталығының 39А ұшыру кешенінен АҚШ-тың жергілікті шығыс уақыты бойынша 21:46-да (Астана уақыты бойынша 6:46) көтеріле отырып, кеменің сапары 3-5 күнге созылмақ. Бұл ұшу 425-450 км биіктікте өтеді.
Айта кетейік, бұл миссия ерекше, себебі экипаж тек азаматтық тұрғындардан тұрады. Оның құрамында қытайлық криптовалюта кәсіпкері Чун Ванг, Германиядан келген арктикалық робототехника инженері Рабеа Патрисия Рогге, австралиялық полярлық зерттеуші Эрик Филипс және норвегиялық режиссер Яннике Миккелсен бар. 
Миссияның негізгі мақсаты – полярлық мұз қабаттары мен шалғай аудандардың климаттық ерекшеліктерін зерттеу. Fram2 миссиясы климаттың өзгеруі мен жердің ең экстремалды аудандарын зерттеуге үлес қосып, ғарыш ұшуының адам денесіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экипаж мүшелері 22 ғылыми зерттеу мен экспериментті жүзеге асырады.
02 сәуір 2025 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 110
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 765

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031