Конституция
» » Қытай ғарышқа жаңа үлгідегі зымыран ұшырды

Қытай ғарышқа жаңа үлгідегі зымыран ұшырды

Қытайдың Galactic Energy жеке компаниясы алғаш рет төрт сатылы Ceres-1 зымыранын ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Жаңа зымыран тасығыш қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан 8 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:12-де ұшырылды және бірнеше минуттан кейін биіктігі 500 километр күн-синхронды орбитаға сәтті көтерілді.
Galactic Energy мәліметтері бойынша, жеңіл төрт сатылы Ceres-1 зымыраны салмағы 350 килограмға дейінгі жүкті жер маңындағы төмен орбитаға және биіктігі 700 километр күн-синхронды орбитаға 230 килограмға дейінгі жүкті шығаруға қабілетті. Алғашқы үш саты қатты отынды зымыран қозғалтқыштары, ал соңғы саты спутниктерді орбитаға дәл орналастыруға жауап береді және гидразинмен қоректенетін сұйық зымыран қозғалтқышымен жабдықталған.


09 қараша 2020 ж. 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031