» » Мьянмада бір апталық ұлттық аза тұту жарияланды

Мьянмада бір апталық ұлттық аза тұту жарияланды

Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн жер сілкінісі салдарынан 1700-ден астам адамның қаза болуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Қаза тапқан азаматтарды еске алу және одан келген зардаптарға байланысты 2025 жылғы 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл күндері мемлекеттік ту төмен түсірілуі керек», делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы  7,7. Алғашқы күшті жер сілкінісінен кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір афтершок тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Жойқын жер сілкінісінен соң Мьянмада, кейін Бангкокте төтенше жағдай жарияланды.
01 сәуір 2025 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 951
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 588

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930