» » Иран хиджаб кию ережесін сақтамаған әйелдерді дронмен бақылайды

Иран хиджаб кию ережесін сақтамаған әйелдерді дронмен бақылайды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Иранда хиджаб кию ережелерінің сақталуын бақылау үшін дрондар мен бейнебақылау камералары кеңінен қолданылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ мәліметтері бойынша, әсіресе бұл Тегеран мен Иранның оңтүстігінде көп қолданылады.
Тегеранның Амиркабир университетінде билік кіреберіске хиджаб кимейтін әйелдерді анықтау үшін бетті тану бағдарламалық құралын орнатқан. Иранның негізгі жолдарындағы бақылау камералары оранбаған әйелдерді іздеу үшін де қолданылады.
БҰҰ қызметкерлері сонымен қатар, Иран полициясы азаматтарды Nazer мобильді қосымшасын орнатуға мәжбүр ететінін алға тартты. Бұл құқық қорғау органдарына автобустарда, метрода, таксиде тіпті жедел жәрдем көліктерінде орамалсыз жүрген әйелдер туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Заңдарды бұзған немесе оларға қарсы шыққан әйелдерді қамауға алып, ұрып - соғады. 
2022 жылы 22 жастағы ирандық күрд әйел Махса Амини елдің әйелдерге арналған қатаң киім үлгісін бұзғаны үшін қамауға алынып, кейін қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, Махса хиджабты дұрыс кимеген.
"2022 жылдың қыркүйегінде наразылықтар басталғаннан кейін екі жарым жыл өтті. Соның өзінде Ирандағы әйелдер мен қыздар міндетті түрде хиджаб киюге қатысты тәжірибеде де жүйелі кемсітушілікке тап болуда. Мемлекет қаржыландыратын сот қызметіне көбірек сенім артып, кәсіпорындар мен жеке тұлғаларды хиджаб киюге мәжбүрлеуге тырысып, оны азаматтық міндет ретінде ұсынды", – делінген хабарламада.
БҰҰ-ның баяндамасы адам құқықтары жөніндегі кеңеске 18 наурызда ұсынылады.
17 наурыз 2025 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 504
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31