» » Иран президенті міндетті хиджаб кию туралы заңға тыйым салды

Иран президенті міндетті хиджаб кию туралы заңға тыйым салды

Иранда парламент хиджаб киюді міндеттеу туралы заңды қатаңдатқан еді. Алайда Иран президенті Масуд Пезешкян жаңа әлеуметтік толқулар тудыруы мүмкін деп қауіптеніп, бұл заңның күшін жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Президент бұл мәселені Ирандағы негізгі шешімдерді қабылдайтын негізгі орган – Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіне тапсырды. Ал мұның соңы заң күшінің ішінара жойылуына әкелуі мүмкін. 
Жаңа заңда шаралардың қатаңдатылуы, қомақты айыппұл төлеу және шетелге шығуға тыйым салу қарастырылған. Сондай-ақ танымал тұлғалар заң бұзған жағдайда олардың мүлкі тәркіленеді. 
Бұған дейін ирандық музыкант Парасту Ахмади хиджабсыз өнер көрсетіп, видеосын YouTube желісінде жариялаған еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әнші мен топ мүшелері "ислам нормаларын бұзғаны үшін" қамауға алынды, бірақ көп ұзамай босатылды.
Қоғамдағы қысым мен үкіметтегі келіспеушіліктердің себебінен заң қабылдау уақытша тоқтатылды. Жазаның қатаңдығына қарамастан, Иранның ірі қалаларындағы көптеген әйелдер міндетті хиджабқа ашық түрде қарсылық білдіріп жатыр.
17 желтоқсан 2024 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031