» » Ауғанстанды дамыту шаралары Алматыда үйлестіріледі

Ауғанстанды дамыту шаралары Алматыда үйлестіріледі

Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық орталықтарының бірі Алматы қаласынан ашылатын болды. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Нақты айтсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнық­ты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы консенсус негізіндегі қарар қабылдады.
Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл оқиғаны еліміздің сыртқы ­сая­­сатта қол жеткізген үлкен же­тістігі еке­нін атап өтті.
«Бұл – елімізідің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Пре­зидент Қазақстанның бас­тама­сын қолдағаны үшін бар­лық серіктесіміз­­ге ризашы­лық білдірді. Мемлекет басшы­сы­­ның пікірінше, БҰҰ-ның Аймақ­тық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің ма­ңызды алаңына айналады», деп жазды Р.Желдібай.
Ал жуырда осы жағымды жаңалықтан кейін көп ұзамай-ақ Орталық Ауғанстандағы тұ­рақты дамуға бағытталған бидай өсіру жобасы іске қосылды. Яғни Ауғанстандағы тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту жолында маңызды қадам жасалды. Бұл хабарды Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы таратты.
Логар провинциясының әкімшілік орталығы Пул-и-Алам қаласында «Орта­лық Ауған­станда тұрақты дамуға ба­ғыт­­талған бидай өсіру» жоба­сының ресми ашылу салтанаты өтті. Жоба Түркияның Ын­тымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOFS) қол­дауы­мен жүзеге асырылып, Кабул және оның ма­ңындағы осал қауымдастықтардың ауыл ша­р­уашылығын дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге бағытталып отыр. Жо­баның ашылу рәсіміне еліміздің Кабулдағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов та қатысты.
Бұл бастама Ауғанстанның азық-түлік қауіпсіздігі бағ­дарламасының (AFSP) ма­ңызды бөлігі болып отыр. Бағдарлама 2021 жылдың желтоқсанын­да Исламабадта өткен Ауған­стандағы гуманитарлық жа­ғ­дай жөніндегі Ислам ынты­ма­қ­тастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (CFM) 17-төтенше отырысында қабылданған қарар негізінде іске асырылып жатыр.
Жоба аясында Барки Барак, Мұхаммед Ага және Пул-и-Алам аудандарындағы 300 фермерге 15 тонна жоғары сапалы (Лалми және Әмір сорттары) бидай тұқымы таратылды. Сонымен қатар топырақтың құнарлылығын арттыру үшін 15 тонна DAP тыңайтқышы және 30 тонна несепнәр (карбамид) тыңайтқышы берілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын ұзақ­мерзімді дамыту мақсатында жергілікті фермерлерге тұқым сақ­таудың тиімді әдістерін үйре­тетін оқыту курстары өткізіле бас­тады. Бұл бастама ұсақ ша­р­уа­шылықтар үшін үлкен көмек болды.
Жергілікті фермер Абдул Матин Эзат­ти жобаға алғысын білдіріп, оның маңыз­дылығын атап өтті.
«Былтыр астық өнімділігі өте төмен болды. Ал сапалы тұқымға қол жеткізу қиын еді. Фермерлер бір-бірімен тұқым алмастыруға мәжбүр болды. Ал бүгін бізге берілген тұқым биылғы егіннен үміттенуге мүмкіндік береді», дейді фермер.
Ашылу рәсімінде жобаның мақсаты мен алдағы жоспары таныстырылып, бірқатар ресми тұлғалар сөз сөйледі. Олардың қатарында Қазақстанның Кабул­дағы уақытша сенімді өкіл Ғазиз Ақбасов, Түркияның Кабулдағы миссия басшысының орынбасары Билал Эмре Бирал, TIKA-ның Кабулдағы үйлестірушісі Фазыл Акин Эрдоған және ИЫҰ-ның Кабулдағы өкілдері болды. Олар азық-түлік қауіпсіздігін ны­ғай­ту, ауылдық аймақтарды қол­дау және экономикалық тұрақ­тылықты арттыру үшін бір­лескен күш-жігердің маңызды­лығын атап өтті.
Ресми іс-шара барысында сер­тификатталған тұқымдар мен тыңайтқыштар 300 фермерге берілді. Фермерлер наурыз айында егуді бастап, маусым айының соңында егін жинауды жоспарлап отыр. Жоба IOFS, TIKA және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (CICA) тарапынан қаржыландырылып іске асырылды. Ауғанстанның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы аясында болашақта ИЫҰ және басқа да бейтарап ұйымдармен әріптестікті кеңейту жоспар­лан­ған екен. Жобаның басты донор­лары – IOFS-тың штаб-пәтері орналасқан Қазақстан және Түркия. 
egemen.kz
12 наурыз 2025 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 481
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31