» » Наурыздан бастап ескі телефондарда WhatsApp істемейді

Наурыздан бастап ескі телефондарда WhatsApp істемейді

Наурыздан бастап WhatsApp мессенджері көптеген смартфондарда істемейді. Әзірлеушілер қандай телефондар енді мессенджерді көтере алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
WhatsApp-та жаңа өзгерістер пайда болады. Соның кесірінен жаңа функциялар мен жаңартуларды ескі операциялық жүйелер көтере алмайды. Енді WhatsApp-ты көтермейтін құрылғылар тізімінде iPhone-ның бірнеше ескі үлгілері, соның ішінде iPhone 6 және iPhone 6 Plus бар.
"IOS-тың бұрынғы нұсқалары бар модельдер WhatsApp-сыз қалады. 5 мамырда мессенджердің сол құрылғыларда қызметі тоқтайды. Қолданба қазір iOS 12 немесе одан кейінгі нұсқасы бар iPhone құрылғыларында жұмыс істейді. WhatsApp 15.1 нұсқасынан төмен iOS нұсқасы бар үлгілерде де жұмысын тоқтатады", – деп хабарлады Meta.
10 наурыздан бастап WhatsApp қай смартфондарда жұмысын тоқтатады:
  • Samsung Galaxy S3;
  • Samsung Galaxy Note 2;
  • Motorola Moto G;
  • HTC One X;
  • LG Optimus G;
  • Nexus 4;
  • Sony Xperia.
Қолданбадағы ақпаратты сақтау үшін алдымен деректердің сақтық көшірмесін жасап, ақпаратты жаңа гаджетке тасымалдау керек.
06 наурыз 2025 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031