» » Қытайлар егіс алқабында жүретін агропойыз жасап шығарды

Қытайлар егіс алқабында жүретін агропойыз жасап шығарды

Жаңа техника жүк тасымалына арналған. Бұл тың тәсіл диқандардың алқаптардағы еңбек ауырлығын жеңілдетіп, жұмыс тиімділігін арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пойыз электр қуатымен жүреді. Біржолақты теміржол желісі бақша ішінде төселген. Пилотсыз, қашықтан басқару арқылы жұмыс істейді. Жүк тасуға арналған бірнеше тіркеме арбасы бар, олардың әрқайсысына 200 келіге дейін жүк артуға болады. Ең басты артықшылығы – таулы аймақтағы ойлы-қырлы алқаптарда жүруде оңайлығы.
«Мэндин қаласында 93 мың гектар жерге осындай пойыздар қызмет етеді. Мұнда жыл сайын 480 мың тонна өнім жиналады. Таулы аймақтағы фермерлердің жұмысын жеңілдету үшін осындай шағын пойыздардың қолданылу аясын кеңейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта фермерлер тарапынан сұраныс артуда. Ауыл шаруашылығына инвестициялау көлемі биылдан бастап өсуі күтілуде», дейді Мэндин қаласы өндірістік және технологиялар орталығының бас маманы Чэнь Цзюань.
Бұл инновациялық жаңалық ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар, жалдамалы жұмысшыларға жұмсалатын шығындар да азайған. Нәтижесінде, табыс көлемі 350 миллион долларға жетті. Енді бұл технологияның жаппай енгізілуі қарастырылып жатыр.
02 наурыз 2025 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 690
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031