» » Париж ауруханаларында виртуалды табиғат көріністері қолданыла бастады

Париж ауруханаларында виртуалды табиғат көріністері қолданыла бастады

Париж ауруханаларының бірінде емдеу әдісі ретінде жапон бағы немесе қар басқан тау бейнеленген виртуалды көріністер қолданыла бастады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл бір жағынан гипнозға ұқсайды. Ол науқастың ауырсынуын азайтып, қорқынышын басуға көмектеседі. Мысалы, емделуші жарасын таңу немесе шығып кеткен сүйегін салу сияқты әрекетті еш ауырсынбай жасатады. Ал мұндай тәжірибені алғаш болып, америкалық дәрігерлер қолданған екен. Оливье Ганансия, Әулие Йозеф ауруханасының қабылдау бөлімі директоры: – Бұл емделушілерге өте пайдалы. Оның науқасқа кері әсері жоқ. Осыдан 10 жыл бұрын кей емдеу орталықтары гипнозды қолдана бастаған еді. Қазір ол кеңінен таралып отыр. Сондықтан жаңа емдеу түрі де біраз уақыт өткен соң күнделікті қолданатын әдіске айналатын шығар деп ойлаймын.

11 маусым 2018 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930