» » АҚШ Қытай автомобильдеріне тыйым салатын ережелерді әзірлеп жатыр

АҚШ Қытай автомобильдеріне тыйым салатын ережелерді әзірлеп жатыр

АҚШ сауда министрі Джина Раймондо келесі аптада АҚШ-та қытай автомобильдеріндегі бағдарламалық жасақтама мен жабдықтарды шектейтін ережелердің дайын болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, АҚШ сауда министрлігі көліктерде негізгі Қытай технологияларын пайдалануды шектемек.
Тыйым қабылданғаннан кейін, қытайлық автомобиль компаниялары дайын көліктерді АҚШ-қа экспорттай алмайды. Сонымен қатар, General Motors пен Ford сияқты америкалық автомобиль компаниялары да Қытайда өндірілген автомобильдерін АҚШ-қа қайта сата алмайды.
"Біз сала өкілдерінің пікірін тыңдағымыз келеді. Мұны дұрыс жасауымыз керек. Барлық шолуларды қарастырдық. Енді ережелерді енгізетін уақыт келді", – деп атап өтті Раймондо.
13 қаңтар 2025 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 221
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30