Құрылтай
» » Honda мен Nissan компаниялары бірікпек

Honda мен Nissan компаниялары бірікпек

Honda мен Nissan бірігу туралы келіссөздерді бастады. Осылайша олар әлемдегі үшінші ең ірі автокөлік өндірушісі атанмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ Honda мен Nissan тағы бір жапондық өндіруші Mitsubishi Motors компаниясын да бірлестікке қосу мүмкіндігін қарастыру үшін жеке меморандумға қол қойды. Nissan – Mitsubishi компаниясының негізгі акционері.
"Қытайлық автоөндірушілер мен жаңа ойыншылардың пайда болуы автоөнеркәсіпті қатты өзгертті. Біз 2030 жылға қарай олармен күресу үшін әлеуетімізді арттыруымыз керек, әйтпесе жеңілеміз", – деді Honda компаниясының бас директоры Тошихиро Мибе.
Honda және Nissan өкілдерінің мәліметінше, бірігу жүзеге асса, холдингтің жалпы сатылымы 30 триллион иенге (191 миллиард доллар) жетіп, ал кірісі 3 триллион иеннен (19 миллиард доллар) асады. Компаниялардың бірігетіні туралы хабарламалардың аясында Honda акциялары 3,8%, Nissan 1,6% және Mitsubishi Motors 5,3% қымбаттаған.
Еске салсақ, бұған дейін Қытайдағы төмен сатылымға байланысты BMW компаниясының табысы төмендегені туралы жазған едік.
25 желтоқсан 2024 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 505
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 996

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031