» » Мекке мен Медина су астында қалды

Мекке мен Медина су астында қалды

Сауд Арабиясының Мекке және Медина қалаларында қатты нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, қасиетті Мекке және Медина қалаларының көшелері су астында қалған. Нөсер жаңбырдан кейін жолдар өзенге айналып, тасқын көліктерді шайып кеткен.
Сауд Арабиясының метеорологиялық басқармасы Мекке, Медина және портты Жидда қалалары үшін қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Су әдетте құрғақ және тасты жерлерден ағып өтіп, қалалар мен ауылдарды су басқан.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Тибет автономиялық округіндегі Сицзан аймағында жойқын жер сілкінісі болғанын жазған едік. Магнитудасы 6,8 балл болатын жер сілкінісі Шигацзе қаласының Тингри ауданында тіркелген. Қазіргі уақытқа дейін қаза тапқандар саны 53.  Жер сілкінісінің дүмпуі Непал мен Үндістанда да сезілген. Қасиетті Шигацзе қаласы тибет буддизміндегі маңызды тұлғалардың бірі Панчен-ламаның резиденциясы болып саналады.
08 қаңтар 2025 ж. 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 891
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930