» » Пәкістан мен Ауғанстан даулы шекарада бір-біріне әуе шабуылдарын жасады

Пәкістан мен Ауғанстан даулы шекарада бір-біріне әуе шабуылдарын жасады

Пәкістан мен Ауғанстан бір аптадан астам уақыттан бері бір-біріне шекарада әуе шабуылдарын жасап жатыр. Салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Пәкістанның мәлімдеуінше, шабуылдар пәкістандық тәліптердің "баспаналарына" бағытталған. Ауған билігінің хабарлауынша, құрбан болған 46 адамның көпшілігі – әйелдер мен балалар.
Ауғанстан шекараға әскери техника мен 15 мың сарбазын орналастырды. Содан кейін ауғандар даулы шекарадағы Пәкістанның "бірнеше" позициясына шабуыл жасады. 
"Олардың ядролық бомбасы бар-жоғы бізді алаңдатпайды - бізде сенім бар және біз Құдайдың бізбен бірге екенін білеміз", – деді Талибанның жоғары лауазымды шенеунігі.
Пәкістан басшылары тәліптерді пәкістандық содырларға баспана берді деп айыптайды.
Жанжал тәліптер қару-жарақпен қамтамасыз ететін "Техрик-е Талибан Пәкістан" (ТТП) тобынан басталды. Tоп Пәкістанда дүрбелең тудырып жатыр. 2024 жылы  444 шабуыл жасалып, кем дегенде 685 адам мерт болды. БҰҰ дерегі бойынша "Техрик-е Талибан Пәкістанның" 6,5 мың адамы жасырынып жүр.
Алайда Талибан бұл топты террористік топ деп санамайды.
04 қаңтар 2025 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 891
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930